Гиг-экономика үшін төлемдер мен электрондық құжат айналымы инфрақұрылымына маманданған қазақстандық Partners Pay финтех-стартапы белгілі кәсіпкер Асхат Сағдиевтен (MOST Holding директорлар кеңесінің төрағасы) $300 000 инвестиция тартты. Раунд қорытындысы бойынша компанияның бағалауы $4 млн құрады. Сондай-ақ жоба Bank RBK, Visa және Astana Hub ұйымдастырған беделді Open RBK Contest байқауының жеңімпазы атанып, гранттық қаржыландыру мен банктік BaaS-инфрақұрылымына тікелей қол жеткізді. Компанияның негізін қалаушы әрі жетекшісі — Азамат Жарылқасын.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен штаттан тыс персоналға арналған финтех-экожүйе
Курьерлік қызметтердің, таксопарктердің, маркетплейстер мен агенттіктердің қарқынды өсуі мыңдаған штаттан тыс орындаушыларға төлем жасауды күрт күрделендіріп жіберді. Тізілімдерді қолмен өңдеу күндерді алады және салықтық тәуекелдер тудырады. Partners Pay бұл мәселені кешенді өнім арқылы шешті:
- Лезде жаппай тізілімдік төлемдер: қаражатты кез келген қазақстандық және шетелдік банктердің карталарына бірнеше секундта автоматты түрде аудару;
- Цифрлық кадрлық ЭҚА: мемлекеттік сәйкестендіру шлюздері және SMS/ЭЦҚ арқылы АҚС (ГПХ) шарттары мен орындалған жұмыстар актілеріне қашықтан қол қою;
- Салықтық комплаенс: ҚР заңнамасына сәйкес жеке табыс салығы (ЖТС) мен әлеуметтік аударымдарды автоматты түрде есептеу және ұстап қалу;
- Payout Financing: орындаушылармен есеп айырысу кезінде кассалық алшақтықтарды болдырмау үшін бизнеске арналған овердрафтық қаржыландыру.
Лицензия және Өзбекстан нарығына шығу
Сервис Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем ұйымы ресми лицензиясына ие. $300 000 көлеміндегі жаңа инвестицияны команда ішкі нарықтағы позицияларды нығайтуға, төлемдерге арналған несиелік желіні іске қосуға және Өзбекстан мен Таяу Шығыс (БАӘ) нарығына жедел экспансия жасауға бағыттауда.