Фото: из архива Маржан Габбасовой
Маржан Габбасова — кәсіпкерлікке бет бұрған тіс дәрігері. Қазір ол мүгедектігі бар адамдарға бейімделген киім тігетін Teń брендін құрып жатыр. Алғашқы үлгісі — мүгедектер арбасымен қозғалатын адамдарға арналған джинсы. Киімнің құрылымы әзірленді, ендігі қадам — сынама үлгісін тігіп, сынақтан өткізу. Маржан осы жобасымен Creative Shift бағдарламасына қатысып жүр.
«Инклюзияға медицина арқылы келдім, ал қазір сән арқылы адамдардың күнделікті өмірін өзгерткім келеді», — дейді ол.
Ол кім және жобасы қандай
Маржанның кәсіби жолының басым бөлігі денсаулық сақтау саласымен байланысты болды. Қазір ол әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысып, ерекше балалардың аналарына қолдау көрсететін MAMA PRO қоғамдық қорына ерікті ретінде көмектесіп жүр.
Teń — қолданысқа қолайлы, жайлы әрі заманауи дизайндағы киім бренді. «Адам жайлылық пен стильдің бірін таңдауға мәжбүр болмаса деймін», — деп түсіндіреді брендтің негізін қалаушы. Негізгі тұтынушылары — мүгедектігі бар адамдар, ең алдымен арбамен қозғалатындар: оларға дене қалпы мен күнделікті киіну ерекшеліктері ескерілген киім қажет.
Маржан Габбасова и Teń: как стоматолог создаёт адаптивную одежду для людей на коляске · Фото: пресс-служба Маржан Габбасова
Идея қалай туды
Бәрі еріктіліктен басталды. Ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылармен араласа жүріп, Маржан олардың қарапайым күнделікті жағдайларда қандай қиындықтарға тап болатынын тереңірек түсіне бастады. Кейін мүгедектігі бар ересектердің де қажеттіліктерін ұғынды.
Тағы бір бетбұрыс Mrs. Kazakhstan байқауында болды. Қатысушыларға тәж иеленгеннен кейінгі алғашқы 90 күнге жоспар құру тапсырылды. Маржанның жоспары инклюзиямен байланысты еді. Ол Mrs. Grand International Kazakhstan атағын жеңіп алды, бірақ уақыты мен күшін сол кезге қарай өзі үшін маңызды болып үлгерген жобаға арнауды ұйғарды. Маржан мүгедектігі бар адамдар арасында сауалнама жүргізді. Алғашқы идеялардың бірі бейімделген джинсы болды.
Маржан Габбасова и Teń: как стоматолог создаёт адаптивную одежду для людей на коляске · Фото: пресс-служба Маржан Габбасова
Джинсы тігу несімен қиын
«Алғашқы үлгіге ең күрделі бұйымдардың бірі — джинсыны таңдаған сияқтымын», — деп мойындайды Маржан. Ең қиыны көп уақытын отырып өткізетін адамдарға лайық киім құрылымын әзірлеу болды.
Мата табу да бөлек міндет еді. Қазақстанда джинсы матасы іс жүзінде өндірілмейді, сондықтан жеткізушілерді шетелден іздеуге тура келді: команда үшін матаның құрамында мақта жеткілікті болуы әрі оның созылғыштығын сақтауы маңызды болды.
Күрделі құрылым мен сапалы материалдар киімнің өзіндік құнын арттырады. Алғашқы үлгінің түпкілікті бағасы әлі белгіленген жоқ — қазір толық өзіндік құнын есептеп жатыр, бірақ бағасын қолжетімді деңгейде ұстағысы келеді. Киімді Қырғызстанда және Қазақстанда тігу мүмкіндігін қарастырып отыр.
Маржан Габбасова и Teń: как стоматолог создаёт адаптивную одежду для людей на коляске · Фото: пресс-служба Маржан Габбасова
Медициналық емес, сәнді киім
Команда бейімделген киімнің медициналық не арнайы киімге ұқсамағанын қалайды: мұндай бұйымдарда көбіне қолданысқа қолайлылық бірінші орынға шығып, әдемілік екінші орында қалады. Teń осы көзқарасты өзгерткісі келеді. Әзірге толыққанды сатылым басталған жоқ — команда бар назарын өнімнің сапасы мен оны сынақтан өткізуге аударып отыр.
Жобаның әзірге тұрақты ресми серіктестері жоқ. Маржан Паралимпиадалық орталықтың жұмысымен танысты. Ол осы саладағы ұйымдармен және мүгедектігі бар адамдардың қауымдастықтарымен ынтымақтасқысы келеді.
Маржан Габбасова и Teń: как стоматолог создаёт адаптивную одежду для людей на коляске · Фото: пресс-служба Маржан Габбасова
Creative Shift не берді
Маржанның білімі медицина саласына қатысты, ал бағдарламада онымен бір бағытта суретшілер, мүсіншілер, дизайнерлер мен қолөнершілер болды. Өзінің айтуынша, дәл сол жерде ол шығармашылық қырын ашып, креативті индустрияның бір бөлігі бола алатынын түсінді. Сән индустриясы мен дизайн саласында тәжірибесі бар бизнес-трекер Айдана Кожагельдина маңызды рөл атқарды.
Маржан Астанадағы менторлық бағдарламадан нақты қолдау күтеді: бизнес-моделін нығайтқысы, өндіріс үдерістерін, нарыққа шығу стратегиясын және брендті дамытудың жолдарын түсінгісі келеді.
Маржан Габбасова и Teń: как стоматолог создаёт адаптивную одежду для людей на коляске · Фото: пресс-служба Маржан Габбасова
Алда не бар
Алдағы бір жылда команда алғашқы үлгіні сынақтан өткізуді аяқтап, бейімделген киімнің алғашқы топтамасын әзірлеуді және сатылымды бастауды жоспарлап отыр. Жобаға серіктестер, сарапшылардың қолдауы, өндірістік мүмкіндіктер мен инвестиция қажет.
Маржанның креативті жоба бастаушыларға кеңесі: «Мінсіз сәтті күтпеңіздер, бірден мінсіз өнім жасауға тырыспаңыздар. Идеядан бастаңыздар, адамдардың нақты қажеттіліктерін зерттеңіздер, болжамдарыңызды тексеріңіздер және бастапқы жоспарды өзгертуден қорықпаңыздар».
Бұл — «Creative Shift қатысушыларының оқиғалары» топтамасының материалы. Ашықтық үшін: raem.kz бас редакторы Раимбек Искендиров та бағдарламаға қатысады.